Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Италияның Милан қаласында өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады.

Әлем кубогының соңғы кезеңі 21-23 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды.

Айта кетелік, Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді. Ол Ташкентте (Өзбекстан) өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын.

Таниева ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.