Сәрсенбі, 19 маусым күні Швейцария құрамасы Еуро-2024 матчында Шотландиямен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швейцариялықтардың жалғыз голын Джердан Шакири соқты.

Opta мәліметінше, Шакири әлем чемпионатында 5+ гол және Еуропа чемпионатында 5+ гол соққан 7-ойыншы болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Мишель Платини, Юрген Клинсман, Зинедин Зидан, Тьерри Анри, Криштиану Роналду және Ромелу Лукаку жетістіктерін қайталады.