Бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор Еуропа чемпионатына қомақты бәс тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирландиялық ММА файтері португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Еуро-2024 турнирінің үздік сұрмергені болады деп 60 мыңға бәс тіккен.

15,0 коэффициентімен МакГрегор жеңсе 900 мың ұтады.

Роналду Патрик Шикпен бірге (әрқайсысы 5 голдан) Еуро-2020 чемпионатында голдар саны бойынша көшбасшы атанған болатын.

Еуро-2024 1-турының матчында Португалия Чехияны жеңді, бұл матчта Роналду гол соқпады (2:1).