Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Премьер-Лига

«Жетісу» футбол клубына ойыншалардың агенті А.Халилзаденің ісі бойынша Аппеляциялық комитеттің шешімін орындамағаны үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

«Жетісу» футбол клубы 2015 жылдың 18 маусымында қабылданған Аппеляциялық комитетттің шешімін 2015 жылдың 30 қарашасына дейін орындауы тиіс.

XXIX тур

«Қайрат» - «Атырау»

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайссқа матчтың ресми тұлғаларына балағат сөздер айтқаны үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.  

«Қайрат» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі Роман Швантерге матчтың ресми тұлғаларына балағат сөздер айтқаны үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.  

КФЛ Кубогы

VII тур

«Қайрат» - «Атырау»

«Қайрат» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Оқжетпес» - «Тараз»

«Оқжетпес» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

«Ақтөбе» - «Ертіс»

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Қуаныш Елтезеровті ойын барысында қарсыласына қысым көрсеткені үшін (қарсыласын қолмен ұру) үш матчқа шеттету. Қ.Елтезеровті жазалау мерзімін 2015 жылдың 17 қазанынан бастауды белгілеу.

«Тобыл» - «Қайсар»

«Қайсар» футбол клубының футболшысы Елжас Сарбайды дөрекі ойыны үшін (қарсыластың допқа ойнауына мүмкіндік бермеу) екі матчқа ойыннан шеттету.  Е.Сарбайды жазалау мерзімін 2015 жылдың 17 қазанынан бастауды белгілеу.

Бірінші Лига

XXIV тур

ЦСКА – «Каспий»

ЦСКА футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 75 000 (жетпіс бес мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты

I тур

«Қайрат» - «Ұшқын-Искра»

«Қайрат» командасының ойыншылары Игита мен Диванейді қарсыласын қолмен ұрғаны үшін үш матчқа ойыннан шеттету.  Игита мен Диванейді жазалау мерзімін 2015 жылдың 13 қазанынан бастауды белгілеу.

«Ұшқын-Искра» командасының ойыншысы Абылай Ералыны қарсыласын қолмен ұрғаны үшін үш матчқа ойыннан шеттету.  Е.Абылайды жазалау мерзімін 2015 жылдың 13 қазанынан бастауды белгілеу.

Футбол орталықтары мен академиялардың жасөспірім командалары арасындағы ҚР біріншілігі

1997 жыл

«Каспий» - «Атырау»

«Атырау» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Жетісу» - «Шахтер»

«Шахтер» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Шахтер» - «Ақтөбе»

«Шахтер» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Оқжетпес» - «Астана»

«Астана» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Оқжетпес» - «Спартак»

«Спартак» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Тобыл» - «Ордабасы»

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Т.Орынбаевқа  матчтың ресми тұлғаларына балағат сөздер айтқаны үшін 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.  

 

1998 жыл

«Каспий» - «Қайрат»

«Қайрат» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Атырау» - «Қайсар»

«Қайсар» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

1999 жыл

«Каспий» - «Шахтер»

«Каспий» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (3 ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

«Шахтер» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

2001 жыл

«Атырау» - «Каспий»

«Каспий» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

2000 жыл

«Ордабасы» - «Тобыл»

«Ордабасы» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.