Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Карим Бенземаны Франция полициясы Матье Вальбуэнаны бопсалау ісіне қатысы барына байланысты қамауға алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Полицияның мәліметінше, Матье Вальбуэнаны белгісіз қаскөйлер видео материал көрсетіп, бопсалаған.
 
Осыған дейін іске «Ливерпульдің» бұрынғы шабуылшысы Джибриль Сиссенің қатысы бар екені де айтылған болатын.