«Барыс» жүйесіндегі хоккейден Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Джелал-ад-Дин Әмірбеков мансабын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыстың» қақпашысы Джелал-Ад-Дин Әмірбеков «Металлургпен» бір маусымға екі жақты келісімшартқа отырды және «Магниткада» ойнайды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қақпашының жасы 21-де, оның әртүрлі жас топтарында Қазақстан құрамаларында ойнаған тәжірибесі бар.