Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Илклидегі турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда британдық Чарльз Брумнан 6:7, 1:6 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

Келесі айналымда Брум З.Свайда (АҚШ) пен М.Кресси (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.