«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында шымкенттік команданың Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы міндеттері мен турнир алдындағы құрамды күшейту туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Чемпиондар лигасынан не күтеміз? Уайым бар, бірақ қобалжу жоқ. Елді де, чемпионатты да, қаланы да жерге қаратпай, сәтті өнер көрсеткіміз келеді.

— Чемпиондар лигасы алдында құрамды күшейту бола ма?

- Болады деп үміттенемін. Бірақ бәрі маған байланысты емес», - деді Седнев.

Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» Молдова чемпионы «Петрокубпен» ойнайды. Турдың жеребе тарту рәсімі 18 маусымда өтті.

Бірінші ойын 9/10 шілдеде Қазақстанда, қарымта кездесу 16/17 шілдеде Молдовада өтеді.

«Ордабасы» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.