Ньон қаласында (Швейцария) Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтіп, оның қорытындысы бойынша шымкенттік «Ордабасының» ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ордабасы» бірінші айналымда Молдованың «Петрокубынан» өтсе, екінші айналымда кипрлік АПОЭЛмен кездеседі. Бірінші ойын 23/24 шілдеде Кипрде, қарымта кездесу 30/31 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» өткен маусымда тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанып, Еуропадағы басты клубтық турнирде ел намысын қорғау құқығына ие болды.