UFC салмақ дәрежесі бойынша промоушендердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр сырқатына байланысты австралиялық Роберт Уиттакерге қарсы жекпе-жектен бас тартқан Хамзат Чимаев орта салмақтағы рейтингте 10-шы орыннан 11-орынға төмендеді.

Салмақ дәрежесіне қарамастан файтерлер тізімінде ресейлік Ислам Махачев көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Джон Джонс, үшінші орында британдық Леон Эдвардс.