«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов келесі трансферлік терезеде Елімай сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Парфеновтың басшылығындағы ойын тәжірибесінің көлеміне көңілі толмай, жақын арада командасын ауыстыруы мүмкін.

Бұрын ақтөбеліктерді жаттықтырған Андрей Карпович қазір «Елімайдың» бас бапкері.

Айта кетейік, расталмаған ақпарат бойынша, Кеңесовтің құқығы «Астанаға» тиесілі және футболшы қазір «Ақтөбеде» жалда ойнап жүр.

Биылғы маусымда Кеңесов барлық турнирлерде 12 кездесу өткізіп, Қазақстан кубогы мен Лига кубогы матчтарында үш рет негізгі құрамда өнер көрсетті.