«Қайсардың» 31 жастағы шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай «Тұранға» қарсы ойында (1:1) Қазақстан Премьер-лигасында 200-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лигада Тоқтар Жаңғылышбай «Шахтер» сапында 2011 жылы 21 мамырда «Қайратқа» қарсы ойында (4:2) дебют жасады. Ол Сергей Хижниченконың орнына 88-минутта алаңға шығып, екі минуттан соң бірінші голды соқты. Осы уақытқа дейін «Шахтер» сапында Премьер-лигада 55 матч өткізіп, 5 гол соққан.

Премьер-лигада барлығы 200 матч өткізіп, 27 гол соққан.