БРИКС ойындарының алтыншы жарыс күнінде еркін күрестен Қазақстан өкілдері 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұрат Жақыпов (74 келі) күміс, Нұрғали Нұрғайыпұлы (97 келі) мен Нұрсұлтан Азов (125 келі) екі қола медаль жеңіп алды.

Бұл ретте әзірбайжандық спортшылардың ойындарда жеңіп алған медальдары саны 12-ге жетті (4 күміс және 8 қола).