8 қараша күні футболдан Қазақстан Премьер Лигасының 32-ші туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» клубы арасында ойын өтеді.

Ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 14:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 31 турдан кейін 42 ұпайы бар «Қайрат» Премьер Лигада 2-ші орында келеді. Ал, 29 ұпай жинаған «Ордабасы» чемпионатта 4-ші орында тұр.

 

Kazsporttv.kz сайтынан