Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде (Ұлыбритания) жүлде қоры 270 мың долларға жуық құрайтын WTA-250 санатындағы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық қыз франциялық Клара Бурелді 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.

Бирмингемнің ширек финалдық кезеңіне өту үшін Путинцева К.Бултер - А.Калинина матчының жеңімпазымен ойнайды.