13 шілдеде Алматыда HFC лигасының үлкен стадиондық турнирі өтеді, оның негізгі кездесуінде Мұратбек Қасымбай бразилиялық файтер Диего Брандаоға қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақтағы BHF чемпионы анықталады.

Айта кетейік, 37 жастағы Диего Брандао 2023 жылдың қарашасында Мохаммад Хейбатиге қарсы жекпе-жекте BHF титулын жеңіп алған болатын.

Бразилиялық файтер ММА-да 50 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жетіп, 21 мәрте жеңіліске ұшыраған. Ол TUF (The Ultimate Fighter) шоуының жеңімпазы. Брандао UFC, Rizin, Fight Nights, ACA, Alash Pride және басқа лигалардағы өнерлерімен танымал.

Мұратбек Қасымбай – Қазақстандағы ең көп медиа файтерлерінің бірі. ММА-дағы рекорды – 12 жеңіс және 4 жеңіліс.