Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Галледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда Австралия өкілі Макс Пурселмен кездесті. Матч екі сетте 7-6, 6-4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

1/8 финалда қазақстандық америкалық Кристофер Юбанкспен кездеседі.