«Ордабасының» Чемпиондар лигасы алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік команда Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің 3-тобына түсті. Александр Седнев шәкірттері еленбеген команда саналды. Қазақстан чемпионының алғашқы қарсыласы молдовалық «Петрокуб» болады. Шымкенттіктер алғашқы матчты өз алаңында қабылдайды.

«Ордабасының» ықтимал қарсыластарының ішінде «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния) және «Пюник» (Армения) болды.

Айта кетейік, «Ордабасы» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеуінде ойнайды.