«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы, «Барселонаның» экс-ойыншысы Лионель Месси матч кезінде ашуына ең қатты тиген футболшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Серхио Рамоспен жиі жанжалдасатын едім. Менің ең қатты ашуыма тиген ойыншы. Кейін бір командада ойнадық, бірақ «эль класикода» жанжалдаса беретінбіз. «Эль класико» матчтары қашан да тартысты болатын», — деп келтірді Мессидің сөзін AS.

Еске салсақ, Серхио Рамос ұзақ уақыт мадридтік «Реал» сапында ойнады. Кейін Рамос пен Месси «ПСЖ» сапында бірге өнер көрсетті.