21 маусымда Болтонда (Ұлыбритания) қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (17-0-0, 12КО) аргентиналық Роман Рубен Рейносоға (22-4-2,10КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

10 раундттық жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтеді.

Қазақстандықтың қарсыласы кәсіпқой рингте 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның рекорды – 22 жеңіс, 4 жеңіліс және 2 тең жекпе-жек бар.

BoxRec сайтындағы екінші жеңіл салмақтағы әлемдік рейтингте Рейносо 285-орында, ал Заурбек 28-орында.

Сұлтан Заурбек жеңіліп көрмеген, 17 жекпе-жекте қарсыластарын 12 рет нокаутпен жеңген.