Районда (Таиланд) байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты аяқталып, жасөспірімдер мен жастар арасында медальдар марапатталды.

Қазақстандық спортшылар құрлықтық турнирде сәтті өнер көрсетті. Команда Чемпионатты 30 жүлдемен аяқтады.

Ескекшілеріміздің қоржынында 11 алтын, жеті күміс және 12 қола бар.Турнирге барлығы 17 елдің спортшылары қатысты.