Шымкенттік «Ордабасының» 2024/25 маусымындағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік команда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің 3-тобына енді. Александр Седневтің ойыншылары еленбеген себетке еніп, еленгендер арасындағы бір командамен кездеседі. Олардың қатарында «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния), Петрокуб (Молдова) және «Пюник» (Армения) сияқты командалар бар.

Айта кетейік, 18 маусымда Ньон қаласында (Швейцария) Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де негізгі еурокубоктың жеребесі тартылады.