2024 жылғы Еуропа чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. Бельгия құрамасы турнирді жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Е тобының фавориті Бельгия алғашқы турда Словакиямен кездескен. Матч есебі 7-минутта ашылды. Словакиялық Иван Шранц гол соқты.

Одан кейін бельгиялықтар екі гол салған. Екеуінде де Ромелу Лукаку көзге түсті. Бірақ бас қазы екі голды да есепке алған жоқ.

Осылайша, Румыния мен Словакия құрамалары Е тобында үш ұпай еншіледі. Украина мен Бельгияда ұпай жоқ.