38 жастағы орталық қорғаушы Серхио Рамос келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Севилья» футбол клубымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

38 жастағы орталық қорғаушы Серхио Рамос «Севильядан» еркін агент ретінде кетті. Оның келісімшарты 30 маусым күні аяқталды.

«Севилья» футбол клубының ресми сайтында:

«Клуб Серхиоға осы маусымда көрсеткен адалдығы, көшбасшылығы мен табандылығы үшін алғыс айтқысы келеді және оған болашақта тек жақсылық тілейді», - деп жазылған.

Рамос «Севилья» футбол клубының тәрбиеленушісі саналады. Бұл команда сапында 2004-2005 жылдары ойнап, 2023 жылдың жазында қайта оралған.

Айта кетейік, Рамос өткен жазда «Севильяға" еркін агент ретінде оралған болатын. Өткен маусымда қорғаушы андалусиялықтар үшін барлық турнирлерде 37 матч өткізді, онда жеті гол және бір нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы футболшыны 2,5 млн еуроға бағалап отыр.