Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Рего Тайнан «Спортинг» құрамында Португалия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan.

Финалдық серияда «Спортинг» «Браганы» 3:0 есебімен жеңіп, Португалия чемпионы атанды.

Нәтижесінде, лиссабондық клуб 19-шы рет лига жеңімпазы атанды. Тайнан «Спортинг» құрамында өткен жылдан бері ойнап келеді, сондай-ақ 2019-2021 жылдар аралығында да осы клубта ойнаған. Қазақстанда ол АФК «Қайрат» клубында (2017-2019) өнер көрсеткен.