UFC файтері Асу Алмабаевтың Dar Team командасындағы жаттықтырушы Эдуард Базров Prosports.kz сайтына спортшының 16 маусымдағы жекпе-жек және алдағы жоспары туралы айтты.

«Асудың өнеріне дән ризамын. Асу UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, сондықтан көңіл-күйіміз тамаша.

Иә, белгілі бір проблемалар болды – мен олардың болатынын білдім, өйткені қарсыластың бойы 20 сантиметр биік. Антропометриялық тұрғыдан өте ыңғайсыз болды... Бірақ Асу еңбекқорлығы және мақсатына деген ынтасының арқасында үздік деңгейге жеткенін дәлелдеді. Сондай-ақ, үздік бестікке енетін файтерді жекпе-жекке шақырып, дұрыс қадам жасады – өйткені біз осындай мықты қарсыласпен бәсекеге түсе аламыз. Мақсатымызға жақындап келеміз, жұмысты жалғастырамыз.

Еретң UFC рейтингі жаңарады, сонда орнымыз жақсарады деген үміт бар. Менің ойымша, Асу әлемдегі ең мықты ұйымның өз салмақ дәрежесіндегі Топ-15 тізіміне енсе, жаман болмас еді. Бәрі жақсы, алға қадам басамыз. Бізді алда көп жұмыс күтіп тұр – жаттығу, дайындық. Жыл аяғына дейін арманымызға, мақсатымызға жақындататын тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – UFC белбеуі», – дейді маман.

Айта кетейік, Алмабаев (20-2) өткен жексенбіде Лас-Вегаста өткен UFC Fight Nights турнирінде америкалық Хосе Джонсонды (16-9) төрешілер шешімімен жеңді.