«Қызылжардың» бұрынғы қорғаушысы Брайан Ван Ден Богарт Бельгияның үшінші дивизионындағы «Ройал Кнокке» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ван Ден Богартпен келісімшарт екі жылға жасалған.

«Ройал Кнокке» Бельгия чемпионатының үшінші күшті дивизионында ойнайды.

Айта кетейік, бельгиялық ойыншы бұған дейін петропавлдық «Қызылжар» сапында өнер көрсеткен. Алайда қорғаушы отбасылық себептермен командадан кеткен болатын. Богарт «Қызылжар» сапында барлығы 22 кездесу өткізген.