22 маусымда Астанада Данияр Мәкішевті еске алуға арналған жастар арасында дзюдодан халықаралық турнир өтеді

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады.

Турнир жеті салмақ дәрежесі бойынша 20 жасқа дейінгі қатысушылар арасында өтеді. Ең мықтылар 60, 66, 73, 81, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақтар бойынша өзара анықталады.

Бұл жарыс Қазақстан жастар құрамасы үшін әлем чемпионаты алдындағы дайындық кезеңі екенін айта кетейік.

Халықаралық турнир Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.