Еркін күрестен Беларусь ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы, этникалық қазақ Жұматай Шубаев шәкірті Магомедхабиб Кадимагомедовті Париж Олимпиадасына алып барады.

Магомедхабиб Кадимагомедов еркін күрестен Бакуде (Әзербайжанда) өткен лицензиялық турнирде 74 кг салмақта Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ол Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған еді.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне сәйкес Беларусь спортшылары Париждегі додаға бейтарап статуста өнер көрсетеді.