Түркияның Анталья қаласында өткен садақ атудан Олимпиадаға соңғы іріктеу сынында қазақстандық мерген қыздар жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің екі спортшымыз жекелей сында 1/8 айналымға жетті. Алайда, жарысты әрі қарай жалғастыра алмады.

Алина Ілиясова словакиялық Дениса Баранковаға есе жіберсе (4:6), Елизавета Авдеева ирандық Мобинья Фалладан ұтылды (2:6).

Айта кетелік, садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.