Бүгін Қазанда өтіп жатқан БРИКС ойындарында ескек есуден медальдар табыс етілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы сегіздік жарыста ресейліктер Беларусь (7:02,84) пен Қазақстанды (7:20,25) басып озып, үздік нәтиже көрсетті (6:42,41).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапында Варвара Белоногова, Мария Лебедева, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова, Альфина Белоногова, Милана Болтаева, Елизавета Шлейн, Анастасия Кулинич және Медина Конурбаева болды.