Асу Алмабаев Лас-Вегастағы UFC турнирінен кейін өзі жекпе-жекке шақырған жаңа зеландиялық файтер Кай Кара-Франс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

«Рекордым қазір 20-2. Көптеген мықты файтермен кездестім. Көп жылдар бойы жақсы деңгейде өнер көрсетіп келемін, сондықтан өз деңгейім ТОП-5 деп ойлаймын. Қажетті үш жекпе-жекті өткіздім. Бұл жекпе-жектерде қарсыластарыма еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жеттім. Мақсатыма жақындап келемін», - деді Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC on ESPN 58 турнирінде америкалық Хосе Джонсонды жеңіп, үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Алмабаев жекпе-жекке шақырған жаңа зеландиялық Кай Кара-Франс жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде төртінші орында тұр.