Лука Модрич пен Лукас Васкес «Реал Мадридпен» келісімшарттарын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca мәліметінше, екі ойыншы да бір жылдық келісімшарт жасасты. Мадридтік клуб бұл туралы жақын күндері ресми түрде жариялайды.

Хорватиялық жартылай қорғаушы мадридтік команда сапында 2012 жылдан бері 533 ойын өткізген.

Испаниялық қорғаушы бүкіл карьерасын «Реал Мадридте» өткізді, тек бір маусым «Эспаньолда» жалда ойнаған. Васкестің еншісінде «Мадрид» сапында 347 ойынға қатысқан.