Испаниялық прокуратура мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти салық төлемеу ісі бойынша бес жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық басылым мәліметінше, итальян маманы 2014 және 2015 жылы имидждік құқығын декларациядан өткізу кезінде 1 миллион еуро көлемінде салық төлмеген деп айыпталды.

Анчелотти Британдық Виргин аралдарында тіркелген компания арқылы 2 миллион еуро алғаны айтылады.

«Реал Мадрид» 2023/24 жылғы маусымды Чемпиондар лигасында топ жарып аяқтаған еді.