Ұзақ уақыттан бері АҚШ-та өмір сүріп жатқан қазақстандық файтер Николай Веретенников Prosports.kz сайтына Асу Алмабаевтың алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты.

«Білесіз бе, қарсыласының бірде-бір жекпе-жегін көрмедім. Бірдеңе айту қиын. Бұл айқаста Асу жеңіске жетеді деп сенемін! Асу - шебер жігіт екенін белгілі. Жалпы, болжам айтуды ұнатпаймын. Бәрін Ринг көрсетеді», - деді файтер.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегі алдында дайындық лагерінен өту үшін АҚШ-қа аттанды.

Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы америкалық Хосе Джонсон болмақ. Оның кәсіпқой ММА-дағы рекорды 16-8. Аралас жекпе-жек шеберлері 15 маусым АҚШ-та UFC Vegas 93 турнирінде кездеседі.