AСА лигасының қазақстандық файтері Артем Резников лиганың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Мухамед Коковпен өтетін жекпе-жек жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Коков - мен көптен бері бақылап жүрген файтер, жолымыз ерте ме, кеш пе, қиылысуы мүмкін екенін түсіндім. Оның Марат Балаевпен алғашқы жекпе-жегін сонау 2017-2018 жылдары көрдім. Оның маған ұнайтын қызықты стилі бар. Ұру техникасы бойынша одан басыммын. Бұл жекпе-жек титул үшін жекпе-жекке қайта оралудың басты қадамы, ол рейтингте айтарлықтай жоғары», - деді Резников.

Жекпе-жек 28 маусымда Сочидегі AСА турнирінде өтеді.