32 жастағы бельгиялық қорғаушы Брайан Ван Ден Богарт Петропавлдың «Қызылжар» командасынан ресми кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Брайан Ван Ден Богарт отбасылық себептерге байланысты клубтан кетті. Бельгиялық «Қызылжар» сапында барлығы 22 кездесу өткізген.

«Клубқа бірге өткізген барлық сәттер үшін алғыс айтқым келеді. Барлық ойыншыларға, медициналық қызметкерлерге, клуб мүшелеріне және жанкүйерлерге, көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін көп рахмет. Енді отбасыма көңіл бөлемін», - деді Ван Ден Богарт.