Қазақстан құрамасының және «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов командадан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

26 жастағы футболшы Дания чемпионатында өнер көрсетеді. Бүгін, 13 маусымда Оразовтың «Ақтөбеден» кеткені ресми түрде жариялануы тиіс.

Жартылай қорғаушының жаңа командасы «қызыл-ақтарға» қомақты өтемақы төлейді. Екі жақтың келіссөздері сәтті өтті.

Бұған дейін даниялық «Орхус» Оразовқа қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Дания командасы оны 2022 жылдан бері бақылап келеді.