14-16 маусым аралығында Алматыда Владимир Переверзевті еске алуға арналған үстел теннисінен ашық республикалық турнирі өтеді.

Турнирде Астана, Алматы, Шымкент, ел облыстарының, жақын шет елдердің жас спортшылары өнер көрсетеді.

Владимир Переверзев - КСРО спорт шебері, Сергей Терлицкий, Гүлмира Рысбаева, Дмитрий, Александр, Андрей, Елена және Сергей Переверзевтер, Айя Алимбаева сияқты КСРО және Қазақстанның бірқатар спорт шеберлерін дайындаған, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.