Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Бублик сербиялық Хамад Медьеровичпен (No131) кездесті. Ойын екі сеттен кейін қазақстандықтың пайдасына аяқталды – 6:1, 7:6(4).

Қазақстандық ширек финалда италиялық Лоренцо Мусеттимен ойнайды.