Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Братиславада (Словакия) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жұптық сайысында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финал кезеңінде украиндық спортшы Виталий Сачкомен бірге қазақстандық Денис Молчанов (Украина) / Филипп Освальд (Австрия) дуэтімен кездесті. Кездесу 7-6, 7-6 есебімен Попко мен Сачконың жеңілісімен аяқталды.

Айта кетейік, бүгін Дмитрий Попко турнирдегі алғашқы жеке матчын өткізді. Қазақстандық бірінші айналымда Түркия өкілі Янка Эрелді 7-6, 6-7, 6-4 есебімен ұтты.