Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ол іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Парижде өтетін төртжылдықтың басты додасына жолдама иеленген.

Қазақстандық теннисші халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр.

Айта кету керек, Герасименко мансабында үшінші рет Олимпиада ойындарына баруға мүмкіндік алып отыр. Спортшы Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиадасына қатысқан.