Алматыда велоспорттан элита, андер, жасөспірімдер және параспортшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Евгений Федоров топтық жарыста (элита) үшінші орын алып, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Алтын жүлдені оңтүстіккореялық Ы Ро Ким жеңіп алды. Екінші орын Қытай спортшысы Сяньцзин Люға бұйырды.