Велоспорттан Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Ақпейіл Өсім жеңіске жетті. Оның көрсеткіші – 2:56.51. Күмісті Индонезия өкілі, қоланы тағы бір қазақстандық спортшы Елизавета Склярова иеленді.

Ал ересектер расындағы сында қазақстандық спортшы қыздар жүлдеге іліге алмады. Ең үздік нәтижені мәреге жетінші болып келгкен Анжела Соловьева тіркеген.