Қазақстандық «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында шайбалы хоккейден Блинов турниріне қатысады.

Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнирге барлығы бес команда қатысады.

Олардың қатарында Ресейдің «Авангард» (Омбы), «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябинск) командалары бар.

Дәстүрлі турнир 20-25 тамыз күндері өтеді.

Айта кетсек, елордалық клуб жаңа маусымды өз айдынындағы ойындар сериясымен бастайды