Жартылай орта салмақтағы OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Магомед Магомедов (13-0) 23 маусымда Алматыда өтетін турнирде жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бахрейн өкілінің қарсыласы бразилиялық Маноэль Дос Сантос (11-5) болмақ.

Еске салайық, Магомедов ұйымның жартылай орта салмақтағы титулына ие болды, бірақ кейін белбеуден өз еркімен бас тартуға шешім қабылдады. OCTAGON 50 турниріндегі соңғы жекпе-жекте бұрынғы чемпион тағы бразилиялық Рафаэль Собралды (6-7-1) бірінші раундта нокаутқа түсірді.