Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Руслан Балтиев Венгрияның Сомбатхели қаласында Әзірбайжан құрамасынан жолдастық кездесуде жеңілгеннен кейін (2:3) пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, бұл ойын жанкүйерлерге ұнауы мүмкін, екі жақта да гол соғатын мүмкіндіктер көп болды. Қарсыластар бір-біріне лайықты. Әзірбайжан командасын жеңісімен құттықтағым келеді.

Қателіктеріміздің салдарынан жеңіліп қалдық. Үзіліс алдында гол жіберіп алғанымызда аздап жинақылық жетіспеді», - деді Балтиев.