Өткен жексенбіде қазақтың танымал ММА файтері Қаршыға Дәуітбек (15-3) қаңтар айында бастаған Жапонияны бағындыруды жалғастырды. RIZIN 47 турнирінде ол бірінші раундта жергілікті файтер Тецуя Секиді (16-10-1) нокаутқа түсірді. Биыл 21 қаңтарда спортшы Отадағы TOP BRIGHT турнирінде тағы бір жапониялық файтер Койоми Мацушимадан (14-7) басым түскен еді.

Бір қызығы, осындай жарқын жеңісінен кейін Дәуітбек беделді Tapology.com сайтының рейтингінде екінші орынға көтерілді. Спортшы сондай-ақ жапониялық рейтингтегі де орнын жақсартты.

Prosports.kz тілшісі Қаршыға Дәуітбекке хабарласып, одан кезекті жетістігі туралы айтып, кәсіпқой карьерасындағы алдағы жоспарларымен бөлісуді өтінді.

– Қаршыға, кейңнгң жекпе-жекті қалай бағалайсыз?

- Өте жақсы қарсылас. Ұзын бойлы, ебедейсіз деп айтуға болады. Мен барлық қарсыластарыма өте жақсы және құрметпен қараймын.

- Дегенмен, бұл қарсыласыңыз сізге ешқандай қиындық тудырмаған сияқты ...

– Иә, жекпе-жек мен ойлағаннан да оңай болды. Бірақ оған дайындық өте қиын болды.

– Қарсыласыңызды алдымен сол қолыңызбен нокдаунға жіберіп, кейін сол жағынан соққы жасап нәтижелі нокаутқа түсірдіңіз. Бауырына тиген сияқтысыз. Бірақ ол соққыдан кейін тұратынын күттіңіз бе?

- Жақ сүйегінен алған соққыдан кейін мен оны тұрмайды деп ойладым, себебі соққы өте ауыр болды. Бірақ жекпе-жектен кейін мен бұл эпизодты тағы бір рет көріп,мен тікелей жағына емес, бетінен соққы жасағанымды көрдім - мұндай соққыдан көбі тұрады. Ал, содан кейін жүз пайыз бауырынан соққы жасадым.

– Жергілікті файтердің мұндай нокаутын көрермендер қалай қабылдады?

- Менің ойымша, жергілікті спортшының өз елінде жеңілуі нашар нәтиже. Тек Жапонияда ғана емес, барлық елде солай.

Дегенмен, жанкүйерлер менің өнеріме тәнті болды деп ойлаймын.

– 2024 жылдың басынан бері Жапонияда екі жекпе-жек өткіздіңіз – екеуі де бірінші раундта нокаутпен жеңіспен аяқталды. Сізді бұл елде тани бастадыма ба?

- Қысқа уақыт ішінде менде жанкүйерлер пайда болды деп ойлаймын және оларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Жапонияда жекпе-жек өнерін жақсы түсінеді және менің өнерімді жоғары бағалады деп ойлаймын!

– Жапониямен таныстығыңыз 2018 жылы болды. Содан бері бұл елде және RIZIN-де көп нәрсе өзгерді ме? Осы уақыт ішінде сіз өзгердіңіз бе?

– Иә, 2018 жылдан бері көп нәрсе өзгерді, соның ішінде мен де. Жаттығу мен жекпе-жекке деген көзқарас өзгерді. Және тәжірибе жинақтадым.

- Биыл жапониялық лигаларында жекпе-жек өткізуді жалғастырасыз ба? Жаңа жылға дейін тағы қанша жекпе-жек өткізгіңіз келеді?

- Білмеймін. Бәрі қалай болатынын көреміз. Енді үйге қайтып, бір апта демаламын, содан кейін жоспар құруды жалғастырамыз.

- АҚШ-та бағыңызды сынайтын кез келді ме? Қалай ойлайсыз?

– Маған виза әлі берілмеді. Визамен бәрі шешіліп, АҚШ-та жекпе-жек өткізуге мүмкіндіктер болса – неге көрмеске?! Онда өзімді, күшімді сынайтын едім.

Фото: RIZIN FF, Nikkan Sports