Тәжірибелі қазақстандық маман Дмитрий Огай Бірінші лиганың «Алтай» клубын жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

64 жастағы маманның кейінгі жұмыс орны алматылық «Хан-Тенгри» болды. Ол клубты 2023 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін жаттықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтай» осы маусымды Сергей Лабодовскийдің жетекшілігімен бастады. Команда алғашқы бес матчта жеңіліп, кейін ол жұмыстан босатылған болатын.