Бразилия құрамасының қақпашысы Алиссон Мексика құрамасымен болған жолдастық кездесуде 110 нөмірмен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 жастағы қақпашы әдетте 1 нөмірлі жейдемен алаңға шығатын. Жалпы, көптеген қақпашыларға 1 нөмірі тиесілі.

Алиссон Мексикаға қарсы матчтың 90 минутын да ерекше санмен ойнады. Оның себебі бар. Биыл Бразилия өзінің 110 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Бұл ретте, қақпашыға бірегей жейде жасауға арнайы рұқсат берілген.